Руханият 0 пікір 2196 лайк

Ақмаралдың сырлы әлемі

Қазан 09 / 2018

 

Дәулет ТҰРСЫНҰЛЫ, «Оңтүстік Қазақстан».

Ақмарал Байғараева – туындылары талғампаз сыншылардың жоғары бағасына ие болып жүрген талантты суретші. «Шолаққорған» жалпы орта мектебінде жас жеткіншектерге бейнелеу өнері пәнінен сабақ беретін қылқалам шебері тақырып іздеп, ел шетіне шығып кетпейді. Ол өмір мен болмыстың заңдылықтарын қарапайым тіршілік иірімдерінен іздейді.

 

Жақында аудан орталығындағы «Мыңжылқы» мәдениет сарайында ауданның 90 жылдығына орай «Менің сырлы әлемім» атты суретшінің жеке шығармашылық көрмесі ашылды. Созақтықтардың назарына алғаш рет ұсынылған көрмеге автордың 50-ден аса туындыcы қойылды. Әсіресе, әйел-ана образындағы, ауданның шежірелі тарихынан сыр шертетін суреттер көпшіліктің қызығушылығын туғызды. «Мен көбіне ұлттық тақырыпта қалам тербеймін. Ұлы даланың кеңдігін бейнелеу арқылы қазақтың ұлттық құндылықтарын насихаттағым келеді. Ал, әйел-ана тақырыбы – өз алдына бір әлем» дейді Ақмарал Бейімбетқызы.

Көрменің ашылу салтанатында КСРО Суретшілер одағының мүшелері Жұбай Сағынбеков, Құттыбек Жақып, ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы Садыбек Бейсенбаев, ақын Мыңжасар Асқаров, еңбек ардагері, ауданның құрметті азаматы Сәуле Еденбаева, тағы басқа өнерде жүрген әріптестері сөз алып, суретшінің картиналарына жоғары баға берді.

– Қазір адамдар ауылдан тамыр үзіп, алыстап бара жатыр. Ақмаралдың туындыларындағы ауыл көрінісін көрген кезде кішкентай кезіміздегі ауылдың өмірі, ауылдың тыныс-тіршілігі көз алдымызға келеді. Сондықтан суретшінің ауыл тақырыбына арналған еңбектері әрбір қазақтың көзіне ыстық көрінеді, – деді ҚР Суретшілер одағының мүшесі Құттыбек Жақып.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ