Руханият 0 пікір 0 лайк

Жаңа жинақ жарық көрді

Қазан 09 / 2018

 

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің әскери кафедрасының оқытушылары мен студенттері Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жастар арасында насихаттау үшін арнайы шағын жинақ шығарды.

 

Әлемнің екінші ұстазы Әбу-Насыр әл-Фараби «Әлемді өзгерткің келсе – өзіңнен баста» деген екен. Өз-өзімізді өзгертетін, рухани дамытатын уақыт жетті. Ол үшін Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты тақырыпта жарық көрген бағдарламалық мақаласында көрсетілген басымдықтарды үлгі ете отырып, ертеңіміз үшін аянбай жұмыс істеуіміз қажет.

Алдымен руханияттың не екенін біліп алайық. Руханият – біздің мәдениетіміз, атадан балаға мирас болып келе жатқан жақсы тәрбиеміз, салт-дәстүріміз. Бұл құндылықтар әке мен баланың, үлкен мен кішінің арасында, отбасында қалыптасуы керек. Отанға деген сүйіспеншілік сезім осыдан кейін келіп туындайды.

Айта кету керек, 75 жылдық тарихы бар аталмыш оқу орнында әскери кафедра КСРО Қорғаныс министрі орынбасарының директивасы бойынша 1963 жылы құрылған болатын. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының қорғаныс саласына запастағы офицерлерді даярлап шығаруда. Әскери кафедраны полковник Жақып Кенжебаев басқарады.

Былтыр кафедра жанынан «Жас түлек» әскери патриоттық клубы да ашылды. Оның негізгі мақсаты студенттердің патриоттық сезімін оятып, оларды әскери қызметке дайындау болып табылады.

Жанар ШАБДІКЕРІМ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ әскери кафедрасының жоғары білікті маманы, оқу шебері.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ