13 спорт алаңы салынды

Қыркүйек 29 / 2018

 

Төлеби ауданында тұрғындар арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау мақсатында бұқаралық спортқа қызу қолдау көрсетілуде.

Атап айтқанда, ауданда 346 спорттық нысан жұмыс істейді. Соның ішінде бір стадион, бір тау шаңғы базасы, екі жүзу бассейні, «Бәйшешек» оқу-жаттығу орталығы, 50 спорт залы, бір мектептік ашық спорттық кешен, 8 мылтық ату тирі, 269 ашық спорттық ойын алаңы, 13 бейімделген спорт залы бар.

Биыл Төлеби ауданында демеушілер есебінен 13 спорт алаңшасы салынып, пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін Қасқасу және Аққұм ауылдық округтерінде тағы 2 спорт алаңшасы іске қосылмақ.

С.МӘТҚАЛИҰЛЫ.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ