Рухани жаңғыру 0 пікір 2125 лайк

Ізденісті өрістете береміз

Қыркүйек 27 / 2018

 

Жыл басында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев қалыптасқан дәстүр бойынша қазақстандықтарға кезекті Жолдауын арнағаны белгілі. Биылғы Жолдау «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деген тақырыппен жарияланды.

 

Жолдауда Елбасы 10 айқын бағыт ұсынып, Үкіметке тиісті тапсырмалар жүктеді. Он бағыт та орындалса ел экономикасы, оң нәтижелерге жететіні анық. Әрбір айтылған бағыттың орны ерекше. Бәрі де мемлекетіміздің өркениетке қарай қадам басып, дамыған отыз елдің қатарында болудың алғышарттарын қамтиды.

Осындағы жетінші бағытта әлеуметтің әлеуеті үшін яғни білім, денсаулық және тағы басқа салаларда нақты нәтижелерге қол жеткізуге бағдар берілген. Атап айтар болсақ, Президент Н.Назарбаев «Адами капитал – жаңғыру негізі» бағытында «Жұмыс берушілерді тарту арқылы және халықаралық талаптар мен цифрлық дағдыларды ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламаларын жаңарту керек», сондай-ақ, «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру жобасын жалғастыру қажет. Мемлекет жастарға алғашқы мамандықты береді. Үкімет бұл міндетті орындауы тиіс» деп атап өтті.

Сарыағаш ауданындағы өзім еңбек ететін №13 кәсіптік колледжде бүгінгі таңда ауылдық аймақтардан келген студенттер жеті мамандық бойынша білім алуда. Колледждің 57 жылдық тарихы бар. Мұнда мемлекет тарапынан студенттерге барлық жағдай жасалған. Ұлдар техникалық салада білім алса, қыздар тігінші, аспаз мамандықтарына машықтануда. Яғни, Елбасымыз айтқандай, жастарға алғашқы мамандық берілуде.

Мемлекет басшысының Жолдауын біздің ұжым бір кісідей қолдап, оны жүзеге асыруға тегіс атсалысуда. Тәуелсіз еліміздің тұғыры биік болуы үшін ізденіс аясын кеңейте береміз.

Жадыра НЫСАНОВА, №13 кәсіптік колледждің өндірістік оқыту шебері. Сарыағаш ауданы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ