Рухани жаңғыру 0 пікір 2123 лайк

Ел боламын десеңіз...

Қыркүйек 27 / 2018

 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында елімізде атқарылып жатқан игі істер көп. Руханиятқа ұмтылу ең бірінші кезекте патриоттық сананы қалыптастырады. Ал, ұлттық құндылықтар жастардың бойындағы сананы оятады. Жас ұрпақтың санасында туған елі мен жеріне деген құрмет пен сүйіспеншілік пайда болады. Көкірегі ояу өреннің бойына туған еліне деген мақтаныш сезімін ұялату арқылы ұлттық рухты асқақтата аламыз.

 

Таяуда Шымкент жоғары медицина колледжінде ұйымдастырылған «Ұлттық құндылықтар – ел бірлігі» атты акция студенттердің патриоттық рухын оятып, олардың туған елге, жерге, жалпы өз Отанына деген іңкәрлік сезімін ұштайтыны сөзсіз. Салтанатты іс-шараны колледж директоры С.Пәкеев кіріспе сөзбен ашты. Мұнан кейін 30 студенттен құралған домбырашылар оркестрінің орындауында Құрманғазының «Адай» күйі орындалды.

Қазақтың ұлттық ойындарының да тәрбиелік маңызы аса жоғары. Акция аясында «Арқан тарту», «Жаяу тартыс немесе мойын арқан», «Қол күрес немесе білектесу», «Аударыспақ», «Асық ату» ойындары өтті. Бір мезгілде 100 студент «Қаражорға» биін билеп, әуеге шарлар ұшырды.

Акция аталмыш колледждің конференция залында «Қойнауы тарихқа тұнған жер» семинарына ұласты. Колледж оқытушысы М.Ақылбаева жиналғандарды Түркістан облысы мен Шымкент қаласының көрікті, киелі жерлерімен таныстырды. Кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған көрмені студенттер қызығушылықпен тамашалады. Семинар соңында оқытушы Ж.Раеваның ашық аспан астындағы саяхат сабағы көрсетілді.

М.ЖҰМАШЕВ, Шымкент медицина колледжінің әдіскері.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ