Қазақтың Қанаты – Мақтааралда!

Қыркүйек 27 / 2018

 

Мақтаарал ауданының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында ауданға кәсіпқой боксшы, 2008 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Қанат Ислам келді. Кәсіпқой рингте қазақтың көк туын желбіретіп жүрген спортшыны аудан халқы «Алпамыс батыр» стадионында ерекше құрметпен қарсы алды.

 

Аудан әкімі Бақыт Асанов пен ауданның зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, боксшыға ақ тілектерін жаудырды. Ел атынан тұлпар мінгізіп, иығына шапан жапты.

Кездесуден соң Қанат Ислам мен ордабасылық палуан, «Қазақстан барысы» турнирінің бірнеше дүркін жүлдегері Ерсұлтан Жұманазаров балғын спортшылардың өнерін тамашалады. Жас спортшыларға әдіс-тәсілдер үйретіп, ақыл-кеңестерін айтты.

Одан соң боксшы Мақтаарал агробизнес колледжінің студенттерімен кездесті. Еркін форматта өткен кездесуде жас білімгерлер көкейінде жүрген сұрақтарына жауап алды.

Мақтаарал ауданының баспасөз қызметі.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ