Рухани жаңғыру 0 пікір 2114 лайк

Жүлдеңіз дайын, мұғалім!

Қыркүйек 25 / 2018

 

«Оңтүстік Қазақстан» газетінің батырлар жырын жатқа айтудан мектеп оқушылары арасында өткізіп жүрген «Жақсылар, дастан айтайын...» атты байқауы биыл да өз жалғасын тауып отыр. Шәкіртіне эпостық жырларды жаттатып, сол арқылы өскелең ұрпақты тамырынан ажыратпай, ұлттық рухта тәрбиелеп жатқан ұстазға биыл да бас жүлдеге автокөлік мінгіземіз! Мәселе сыйлықтың көлемінде емес екендігін бек түсінеміз, әрине, алайда, қарапайым мұғалімнің еңбегі жануы тиіс деп есептейміз.

 

Оның үстіне газетімізде «Мұғалімнің мәртебесін көтеру – елді көтеру» деген тақырыпта арнайы мақала жарық көрген еді. Газет ұжымы бұл мәселені сөзбен көтеріп қана қоймай, іспен де дәлелдеп келеді. Оқушылар арасында өтетін батырлар жырын жатқа айту байқауы соның бір айғағы.

Былтыр алғаш рет ұйымдастырылған «Жақсылар, дастан айтайын...» атты байқауда бас бәйге Түркістан қаласындағы №19 мектептің мұғалімі Майра Назарбековаға бұйырған еді.

Ал, биылғы «ТЕМІР ТҰЛПАР» кімге бұйырар екен?

Оны білгіңіз келсе 28 қыркүйекте Түркістан қаласында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің МӘДЕНИЕТ ОРТАЛЫҒЫНДА сағат 10.00-де басталатын байқауға келіңіз!

Суреттен көріп отырғандарыңыздай, сыйлығыңыз дайын тұр, қадірлі ұстаз!

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ