Аспан асты, жер үсті 0 пікір 2101 лайк

Арыста коворкинг орталығы ашылды

Қыркүйек 22 / 2018

 

«Нұр Отан» партиясының «Қазақстан кітапханалары – заманауи білім орталықтары» бастамашыл жобасы аясында Арыс қаласында игі іс қолға алынды. Қалалық кітапханада «Coworkіng» заманауи білім орталығы ашылды. Компьютерлермен жабдықталып, интернет желісіне қосылған кітапханада, сондай-ақ, арнайы балалар алаңы ашылған. Мұнда ойын ойнауға, білім алуға және интернет арқылы тиісті ақпараттар алуға барлық жағдай жасалынған. Қазіргі таңда кітапхана жұмысын жаңғырту үшін бюджеттен қаржы қарастырылуда.

 

Коворкинг орталығының салтанатты ашылу рәсіміне «Нұр Отан» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрмахан Жолдасов қатысты. Ол партия «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бастамашылық жобалар кешенін ұсынғанын атап өтті.

– Бұл жобалардың маңызды бағыты елде білімге деген көзқарасты дұрыс қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты дәстүрлі кітапханаларда жұмыс істеу және бос уақытын өткізуге қолайлы заманауи білім орталықтарына айналдырып жатырмыз. Мұнда үнемі қызықты дәрістер, дискуссиялар мен тренингтер өткізіледі. Яғни қазіргі кітапханалар енді тек қызмет көрсету мекемесі ғана емес, қала, ауыл тұрғындары үшін зияткерлік демалыс орнына да айналады. Арыс қаласында бүгін ашылып отырған коворкинг орталығы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының кеңінен қанат жаюына ықпал жасайтын, ұл-қыздарымыздың білімін шыңдайтын нағыз замануи білім орталығына айналсын, – деді төрағаның бірінші орынбасары.

Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек «Коворкинг» заманауи білім орталығының ашылуымен қала тұрғындарын құттықтады. «Алдағы уақытта орталықтың тиісті деңгейде жұмыс істеп, кітапсүйер қауымның бас қосар орталығына айналуына қатысты ұйымдастыру жұмыстары одан ары жалғасады» деді қала басшысы.

«Оңтүстік»- ақпарат.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ