Аспан асты, жер үсті 0 пікір 2097 лайк

Есімдері ескерткішке айналды

Қыркүйек 22 / 2018

 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында Түлкібас ауданындағы М.Жәрімбетов ауылында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, Батыр аналарға және тыл еңбеккерлеріне арналған ескерткіштің ашылу рәсімі өтті. Оған республикалық «Уақып» қорының төрағасы Қайрат Орынбайұлы мен ауыл тұрғындары ұйытқы болды.

 

«Жыл басынан бері ауданның Алғабас және Рысқұл ауылдарында Ұлы Отан соғысына аттанған жауынгерлер мен тыл еңбеккерлері, Батыр аналардың есімдері жазылған ескерткіш-стеллалар ашылды. Ал, бүгін дәл сондай нысан М.Жәрімбетов ауылында туған бір топ азаматтың демеушілігімен бой көтеріп отыр. «Өткенді ұлықтау – өскендіктің белгісі». Осылайша 86 Ұлы Отан соғысы ардагері мен 96 Батыр ананың, 214 тыл еңбеккерінің есімдері есте мәңгі сақталатын болды. Себебі, олардың жанқиярлық ерлігі мен еңбегі жас ұрпаққа өнеге» деді аудан әкімі Н. Тұрашбеков.

Шара барысында ескерткіште есімдері жазылған боздақтардың рухына арнап Құран бағышталды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ