Заң-заман 0 пікір 2085 лайк

«Қазаннан қақпақ кетсе...»

Қыркүйек 22 / 2018

 

Қазына қаржысын қалтасына басып, халықтың ақшасын ашкөздене жеушілермен күрес үдеген сайын олардың да араны ашылып бара жатқандай әсер қалдыратыны бар.

Мәселен, Мақтаарал аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жоспарлау және бюджеттік бағдарламаларды орындау секторының меңгерушісі Б.С. қазына қаржысын жымқырудың оңай әдісін тапқан. Мекеме басшысы Б.Жұрымбетовтың арызы бойынша оның жеке картшотына аударылған жалақысына бақылау жүргізіп, нәтижесінде сектор меңгерушісінің бюджет қаражатын талан-таражға салғаны анықталды. Бөлімнің білдей қызметкері құлқыны үшін денсаулық сақтау мамандарына отын сатып алуға бөлінген 2 миллион теңгені Мақтаарал аудандық пошта байланыс торабында ашылған өзінің жеке есепшотына аударып, оны қолма-қол ақшаға айналдырғаны белгілі болды. Мұнымен шектелмеген Б.С. мекемеде мүлдем жұмыс істемейтін бауыры З.С.-ға да 61 мың теңге еңбекақы есептеп, оны да өзінің жеке есепшотына аударған. Ол аздай мекемеде жұмыс атқаратын басқа да туыстарына еңбекақы жазып, жалпы көлемі 158 мың теңгені «Казкоммерцбанктен» ашылған жеке есепшотына аударған.

Бақылау барысында негізсіз аударылған қазына қаржысы толығымен өтеліп, бақылау актісі тиісті шара қолдану үшін аудандық прокуратураға жолданды.

А.ТЕМІРХАНОВА, облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаментінің бас маман-мемлекеттік аудиторы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ