Жайна мен Ләззат – чемпион!

Қыркүйек 22 / 2018

 

Польшаның Гливице қаласында әйелдер арасында бокстан халықаралық турнир мәреге жетті. Осымен он екінші мәрте ұйымдастырылып отырған байрақты бәсекеге әлемнің 21 елінен боксшы қыздар қатысты. Қазақстан құрамасы бұл турнирде сәтті өнер көрсетті. 6 аруымыз финалдық бәсекеге жолдама алып, оның төртеуі чемпион атанды.

 

Ел қоржынына алтын медаль салған спортшылардың ішінде жерлестеріміз Жайна Шекербекова мен Ләззат Күнгейбаева бар. 51 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Жайна Шекербекова ақтық сында турнир қожайыны Сандра Грабиктен басым түсті. Ал, 81 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Ләззат Күнгейбаеваға тең келер қарсылас табылмады. Ол финалда ресейлік Кристина Ткачеваны жеңді. Қазақстан құрамасының қоржынында бұдан бөлек 2 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль бар.

Е. ҚОЖАХМЕТҰЛЫ.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ