Аспан асты, жер үсті 0 пікір 2079 лайк

Азық-түлік керуені жолға шықты

Қыркүйек 20 / 2018

 

Әнуар ЖҰМАШБАЕВ, «Оңтүстік Қазақстан».

Астана қаласының 20 жылдығы мерейтойына орай Түркістан облысының диқандары елордаға азық-түлік керуенін жөнелтті. Бұл өнімдер 22-23 қыркүйек күндері Астанадағы жәрмеңкеде базар нарқынан 10-15 пайыз төмен бағада сатылады.

 

Азық-түлік керуені Шымкент қаласындағы Алматы бағытындағы тас жолы бойынан жолға шықты. Диқандардың елордаға апара жатқан өнімдері 496 тоннаны құрайды. Ақшаға шаққанда ол 201 млн. теңгенің өнімі. Бес жүз тоннаға жуық өнімнің ішінде 80 тонна ет және ет өнімдері, 53 тонна жеміс-жидек, 26 тонна картоп, 141 тонна көкөніс, 28 тонна сүт өнімдері, 90 тонна бақша өнімдері, 10 мың дана жұмыртқа,

4 тонна әсел, 5 тонна балық, 10 тонна кептірілген жеміс, 14 тонна қалбырдағы ет пен көкөніс түрлері және 45 тонна өзге де өнімдер бар.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Н.Бадырақовтың айтуынша, 35 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өз өнімдерін астаналықтарға ұсынбақ. Астана қаласы әкімдігімен жәрмеңкеде сатылатын тауарлардың бағасы белгіленді. Ол жоғарыда айтқанымыздай, базар бағасынан біршама арзан болады. Мұның алдында Астана қаласының 20 жылдығы мерекесі аясында 4 жәрмеңке ұйымдастырылған болатын. Осынау іс-шара барысында Түркістан облысынан елордаға

17 мың тонна азық-түлік керуені жөнелтіліпті.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ