Аспан асты, жер үсті 0 пікір 2077 лайк

76,8 мың тонна жеміс-жидек жиналды

Қыркүйек 20 / 2018

 

Түркістан облысы – климаттық жағдайы жеміс-жидек пен жүзім шаруашылығын дамытуға өте қолайлы өңір. Өңірімізде жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің барлық егіс көлемі – 30 мың гектарды алып жатыр.

 

Биыл облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес қосымша 0,94 мың гектар қарқынды бау, 0,57 мың гектар жүзім, 0,207 мың гектар жаңғақ егілді. Жалпы, облыс бойынша қарқынды баудың көлемі 3,7 мың гектарды құрап отыр.

Айта кетерлік бір жайт, бүгінгі таңға 76,8 мың тонна жеміс-жидек пен 22,6 мың тонна жүзім жиналды. Науқан әлі де жалғасуда. Жиналған өнімдер негізінен республиканың өзге аймақтары мен көрші мемлекеттерге жөнелтілуде.

Жалпы, бау шаруашылығынан түсетін табыс мақтаға қарағанда 2,5 есе, ал, бақша дақылымен салыстырғанда 2 есе артық болатындықтан оны өркендету ісі өңірімізде ерекше қарқынмен дамуда. Алдағы уақытта қарқынды баудың егіс көлемін 10 мың гектарға ұлғайту жоспарланған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ