Аспан асты, жер үсті 0 пікір 2076 лайк

Мұны біле жүріңіз

Қыркүйек 20 / 2018

 

Дүние жүзіндегі сан түрлі қажеттілікке жарайтын ағаш – кокос пальмасы. Одан ең мықты құрылыс материалы алынады, жапырағынан үй жабады, жаңғағының қабығынан жіп иіреді, сыртқы қауашағынан ыдыс жасайды, шырынынан қант және шарап жасайды.

Словенияда Қазақстан мен Еуроодақ арасында визалық режимді жеңілдету мәселесі сөз болуда.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеёв Ферғана облысының бұрынғы басшылары мен осы аймақтағы бірқатар зауыт пен кәсіпорындарға басшылық еткен атқамінерлердің ісін сынға алды. «Соңғы 27 жылда бұл облыста ештеңе істелмеген. Зорға жұмыс істеп тұрған мұнай өңдеу зауытынан басқа ешнәрсе жоқ. Жаңадан бірде-бір кәсіпорын ашылмаған. Жебірлер мен егеуқұйрықтар мұндағы байлықтың бәрін жеп бітірген» деді ол.

1920 жылдың 26 тамызында Қазақ автономиясын құру және оның жер көлемін белгілеу жөніндегі декрет дүниеге келді. Осылайша Алаш ардақтылары жалпы көлемі 3 467 922 шаршы шақырым жерді Қазақ Республикасының құрамына беруді сұрады. Көрсетілген жердің 81 пайызын жан саны 5,5 миллион болатын қазақтар пайдаланатын.

Түркістан облысында биыл масақты дәнді дақылдардың әр гектарынан орташа есеппен 17,8 центнерден өнім алынып, 405,0 мың тонна дән қамбаға құйылды.

Ай жерден 80 есе жеңіл.

Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаевтың айтуынша, Қазақстанда 4 млн. адам әлеуметтік желінің белсенді қолданушысы болып табылады.

2018 жылы Қазақстанның үш аймағында ауызсудың бағасы арзандаған. ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті берген мәліметке сүйенсек, Астана, Алматы қалалары мен Қарағанды, Маңғыстау облыстарында су ақысы өзгеріссіз қалған. Ал, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан облысында судың бағасы арзандаған. Қалған өңірлерде су қымбаттаған.

Түркістан облысында биыл көкөніс, картоп, бақша дақылынан 2,7 млн. тонна өнім жиналып, рекордтық көрсеткішке қол жеткен.

Жыландар қабықтары арқылы көре алады.

Түркістан облысында қазір 998,1 мың ірі қара мал, 4459 мың қой-ешкі, 309 мың жылқы, 27,5 мың түйе бар.

Атырауда «Ретро» паркте сүйіктісіне сөз салу рәсімін жасап, пиротехникалық құрылғыларды пайдаланғаны үшін күйеу жігітке 33 670 теңге айыппұл салынды.

Туристер үшін күзде саяхат жасауға қолайлы ТМД елдері ішінде ең танымал қалалар тізімінде Минск, Астана, Баку, Ереван, Ташкент, Алматы, Бішкек, Кишинев, Душанбе және Ашхабад көш бастап тұр.

Жапония императорының бұйрығымен 1603 жылдан бері бұл елде суда жүзу сабағы міндетті оқу пәні болып белгіленген.

Биыл елімізде 138,6 мың тонна қант өндіріліп, оның 50,7 мың тоннасы экспортқа шығарылған.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ