Рухани жаңғыру 0 пікір 2072 лайк

Киелі аймақтың тарихымен танысты

Қыркүйек 20 / 2018

 

Мақсат ҚАРҒАБАЙ, «Оңтүстік Қазақстан».

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Түркістан облысында нәтижелі жұмыстар атқарылуда.

Атап айтқанда, облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың тікелей қолдауымен ел руханиятына серпін беретін тың жобалар қолға алынды. Мәселен, таяуда Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен «Таңбалы тастар – бабалар ізімен» атты экспедиция ұйымдастырылды. Құрамында журналистер, қоғам белсенділері, блогерлер бар экспедиция мүшелері Созақ ауданындағы Ысқақ баб, Қарабура әулие кесенелерін, Арпаөзен бойындағы петроглифтерді, Созақ қаласының көне орнын аралады. Киелі аймақтың тарихымен танысып, бабалар ізі қалған қасиетті жерлердің рухын сезінді.

«Екі күнде Созақ және Бәйдібек аудандарындағы киелі орындар мен Кентау қалалық өлкетану музейін, Түркістан қаласы бағыттарын қамтыдық. Алған әсеріміз керемет. Ұйымдастырушы облыстық ішкі саясат басқармасына, Бәйдібек, Созақ аудандары мен Кентау қалалық әкімдігінің қызметкерлеріне айтар алғысымыз шексіз. Осындай шаралар болашақта да жалғасын табады деп сенеміз. Біздің мақсат – Түркістан облысында туризмді дамытуға атсалысу, туған жердің киелі, тарихи жерлерін насихаттау. Алдағы уақытта осы бағытта бірнеше жобаларды іске асырамыз» дейді өлкетанушы, блогер Ғани Назарбек.

Жергілікті өлкетанушылардың айтуынша, Түркістан облысында 3 мыңнан аса петроглиф бар. Басым көпшілігі Сақ дәуірінің жәдігерлері. Тастағы таңбаларда көбіне көшпелілердің тұрмыс-салты бейнеленген.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ