Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Ветеринарлық қауіпсіздік мәселесі талқыланды

Қыркүйек 20 / 2018

 

Қазығұрт ауданындағы «Ауыл» мемлекеттік мекемесінде санитарлық ахуалды жаксартуды көздеген облыстық семинар өтті. Жиынға қатысушылар алдымен мекеме алаңына қойылған залалсыздандыру техникаларымен танысты.

Сондай-ақ, семинар барысында мамандар аналық малды қолдан ұрықтандыру, ұсақ малда кездесетін түрлі аурулардың алдын алу бойынша кеңес берді. Бруцеллезге карсы жүргізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар да назардан тыс қалмады. Аудандық «Ауыл» мекемесінің басшысы Е.Сванов ауыл тұрғындарының денсаулығына залал келтірмеу жайын баса айтты. Қатысушылар ветеринарлық қауіпсіздік туралы пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды.

Ажар БЕРМҰХАНОВА. Қазығұрт ауданы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ