Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Альпинистер – Сайрам-Өгемде

Қыркүйек 17 / 2018

 

Ерболат АЙНАБЕКОВ, «Оңтүстік Қазақстан».

«Kazakh Tourіsm» ұлттық компаниясы Астананың 20 жылдығына арналған іс-шаралар аясында Төлеби ауданы Сайрам-Өгем ұлттық паркінде орналасқан шыңға альпиниада ұйымдастырды. Альпиниаданың ашылу салтанатына ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Павел Казанцев, бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков, альпинистер мен түркістандық жастар қатысты.

 

– Бұл шара өңіріміздегі туризм саласын дамытуға айтарлықтай үлес қосады. Оның ішінде тау туризмін жаңа белеске көтереді деп сенеміз. Бұл біздің жерімізге алыс-жақын шетелдерден туристердің көптеп келуіне ықпал етеді. Қазір облыс бюджетінен қаржы қарастырылып, инфрақұрылымды дамытуға көп көңіл бөлінуде, – деді облыс әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков.

Аталмыш айтулы шараны «Kazakh Tourіsm» ұлттық компаниясы маусым айынан бастап өткізіп келеді. Шара аясында альпинистер Шығыс Қазақстан мен Орталық Қазақстандағы биік шыңдарды бағындырған болатын. Соңғы жиырмасыншы шың ретінде Сайрам- Өгем ұлттық паркінде орналасқан атауы жоқ шың таңдалып алыныпты. Альпинистер 3446 метрлік атауы жоқ шыңды бағындырып, оған «Астананың 20 жылдығы» деген атау берді.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ