Рухани жаңғыру 0 пікір 2037 лайк

«Таңғажайып Түркістан» байқауының ережесі

Қыркүйек 15 / 2018

 

Осы ереже облыстық «Таңғажайып Түркістан» байқауының (әрі қарай – байқау) ұйымдастырылуы мен өткізілуін анықтайды.

 

1. Байқаудың мақсаты

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» бағдарламасына Түркістан облысынан енген 24 нысанды кеңінен насихаттау, туған жердің тарихын білуге баулу.

2. Байқауға қатысу шарттары

2.1. Байқауға кез келген әлеуметтік желі қолданушылары, журналистер мен жазушылар қатыса алады.

2.2. Байқауға қатысу үшін:

- Әлеуметтік желідегі Facebook әлеуметтік желісінде «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» бағдарламасына Түркістан облысынан енген 24 нысан туралы пост жариялануы қажет;

- Нысанның тарихын баяндаушымен 2 фото селфиге түсу;

- Нысанның тарихын баяндаушымен қысқаша сұхбат (видео нұсқа да құпталады) ұйымдастыру;

- Нысан туралы кемінде 4 фотодан тұратын фоторепортаж және толыққанды ақпарат берілу керек;

- Жалпы пост 300 символдан кем болмауы керек.

- Әрбір қатысушы кемінде 20 жариялым (пост) жасау керек;

- Міндетті түрде посттар «Түркістан жаршысы» фейсбук тобында #БізкөргенТүркістан, #Түркістануалаяты, #ТүлегенТүркістан, #Киелі Түркістанғасаяхат #Түркістанөлкесінен1селфи хэштегтерімен жариялануы қажет.

2.3. Байқау жұмысына қойылатын талаптар:

- мәтіндік материалды «Қасиетті Түркістан...» сөздерінен бастау;

- байқау атауын, логотипін қолдану.

2.4. Байқауға 2018 жылдың 14 қыркүйектен - 12 желтоқсанға дейінгі жарияланған материалдар қабылданады.

2.5. Қатысушы өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында пост жазып, «Түркістан жаршысы» фейсбук тобында #БізкөргенТүркістан #ТүлегенТүркістан, #Түркістануалаяты, #КиеліТүркістанғасаяхат #Түркістанөлкесінен1сэлфи хэштегтерімен бөлісіп, жарияланған постардың скриншоттарын арнайы файл папкасына жинақтап (лайк, пікірлері, репост толық көрінуі тиіс) байқаудың ұйымдастырушыларына 2018 жылдың 12 желтоқсанға дейін тапсырылуы тиіс.

2.6. Байқау жұмыстары мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады.

3. Байқауды қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау

3.1. Жеңімпаздарды айқындау Байқау Ұйымдастырушысы түзген комиссия құрамының шешімімен жүзеге асырылады. Комиссияның құрамына бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, мемлекеттік органдардың және басқа да үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кіреді.

3.2. Байқауға ұсынылған жұмыстар «Түркістан жаршысы» фейсбук тобында көп дауыс жинағаны, ең көп ұнатылғаны (лайк), ең көп бөлісілгені (репост) арқылы бағаланады. Қаншалықты оқырманның көңілін аудара білгендігіне мән беріледі.

3.3. Байқау материалдарын талдау кезінде келесі параметрлер ескерілетін болады:

– материалдың/жазбаның байқау мақсатына сәйкестігі;

– материалдың/жазбаның әсерлілігі және дұрыс бағыты;

– посттардың жан-жақтылығы, кәсіби деңгейі.

3.4. Байқау жеңімпаздарын марапаттау бас жүлде, 1-ші, 2-ші, 3-ші орындар берумен анықталады, сонымен қатар, жеңімпаздардан басқа, байқауға қатысқан өзге де үміткерлерге ынталандыру сыйақылары тағайындалады. Байқау жеңімпаздары арнайы дипломдармен марапатталады.

3.5. Байқаудың жалпы жүлде қоры – 1 350 000 теңге, оның ішінде:

Бас жүлде (қазақ, орыс тілінде) – 200 000 теңге х 2 дана = 400 000 теңге;

1-орын үшін сыйақы көлемі (қазақ, орыс тілінде) – 150 000 теңге х 2 дана = 300 000 теңге;

2-орын үшін сыйақы көлемі (қазақ, орыс тілінде) – 100 000 теңге х 2 дана = 200 000 теңге;

3-орын үшін сыйақы көлемі (қазақ, орыс тілінде) – 50 000 теңге х 2 дана = 100 000 теңге;

«Көрермендер көзайымы» номинациясы (қазақ, орыс тілінде) 2 дана – 175 000 теңге;

«Үздік көркемделген пост» номинациясы (қазақ, орыс тілінде) 2 дана – 175 000 теңге.

3.6. Байқаудың қорытындысы 2018 жылдың желтоқсан айының екінші онкүндігінде жарияланады.

3.7. Салтанатты рәсімнің өткізілетін жері және күні алдын ала хабарланатын болады.

3.8. Байқаудың нәтижелері бұқаралық ақпарат құралдарында, Байқау өткізушілер сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланады.

4. Авторлық құқықтар

Байқауға қатысатын жұмыстың (фото, видео, мәтін) авторлық құқықтарын сақтау жауапкершілігін байқауға қатысушы толық өз мойнына алады. Ескерту: Ашық дереккөздерден алынған дайын мәтін (текст) мен фотолар қабылданбайды.

5. Ұйымдастыру комиссиясының мекенжайы

Түркістан қаласы, Байбұрт көшесі, н/с, «Ханака» іскерлік орталығы Түркістан облысының ішкі саясат басқармасы, 2-қабат, 3-бөлме, тел./ф. 8 (7252) 24-75-47, 24-75-48.

Әлеуметтік желі қолданушылары арасындағы үздік жазбалар бойынша «Таңғажайып Түркістан» облыстық байқауының ережесіне №1 қосымша

«Таңғажайып Түркістан» облыстық байқауының ұйымдастыру алқасына кімнен/қайдан: ______________________

Әлеуметтік желі қолданушылары арасындағы үздік жазбалар бойынша «Таңғажайып Түркістан» облыстық байқауына Ө Т І Н І М

 

р/с

Әлеуметтік желі атауы

Байқауға қатысуға
үміткердің
А.Ж.Т. /желіде тіркелген/

Қызметі

Байланыс 

деректері

 

 

 

 

 

 

                              

Ескерту: Байқауға қатысу туралы өтінімді 2018 жылдың 18 қыркүйегіне дейін ұйымдастырушының ontustikonimi@yandex.kz электронды поштасына жолдау қажет.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ