Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Түсiм берекелi болды

Қыркүйек 15 / 2018

 

Айгүл СҮНДЕТОВА, «Оңтүстік Қазақстан».

Есімі Түлкібас ауданына кеңінен танымал диқан Бегім Дөнбаевтың берекелі ісін бүгінде ұлы, ауған соғысының ардагері Нұрлан Дөнбаев жалғастырып келеді. Оның басқаруындағы «Нұрбол» шаруа қожалығы биыл 10 гектар жерге мақсары, 5 гектарға бидай, 3 гектарға жоңышқа екті.

 

Мақсары алқабы бітік шығыпты. Ал, жоңышқалыққа бүгінге дейін үш мәрте орақ түскен. Суарып, енді төртінші орымға дайындалып отыр. Бидай алқабына І репродукциялы «Элита» тұқымын еккен екен. Астықтың түсіміне диқандар шүкіршілік етіп отыр. Әр гектардан 40 центнерден өнім жиналды. Аталмыш шаруа қожалығының төрағасы Н.Дөнбаев мұндай жетістікті агротехникалық шаралардың қатаң сақталуымен түсіндірді.

Түлкібас ауданы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ