Жерлестерiн еске алды

Қыркүйек 15 / 2018

 

Созақ ауданы, Шолаққорған ауылындағы «Нұраман» мәдени-спорттық сауықтыру кешенінде жерлесіміз, Қазақстан Республикасының чемпионы, спорттың күрес, бокс, джиу-джиутси түрлерінен талай биіктерді бағындырған Бакрам Дәуренбековті еске алуға арналған турнир өтті. Бұған дейін аудандық деңгейде ұйымдастырылған жарыс биыл алғаш рет облыстық деңгейде өтті.

 

Турнирді Шолаққорған ауыл әкімдігі мен Бакрам Дәуренбековтің ағайын-туыстары бірлесе өткізді. Жарыстың ашылу салтанатында Шолаққорған ауылының әкімі Әділ Елібаев қатысушыларға сәттілік тілесе, ауыл ақсақалдары Оразбек Жолдасов пен Мәми Дадабековтер ақ баталарын берді. Турнирге Созақ, Төлеби, Сайрам аудандары мен Түркістан, Шымкент, Кентау, Арыс қалаларынан келген командалар қатысты. Үш күнге созылған бокс бәсекесі тартысты өтті. Жарыс қорытындысы бойынша алғашқы үш орынды Созақ, Төлеби, Сайрам аудандарының командалары иеленді.

Мақсат Қарғабай. Созақ ауданы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ