Аспан асты, жер үсті 0 пікір 2015 лайк

«Бақытты отбасы» анықталды

Қыркүйек 14 / 2018

Түркістан облысы «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен «9 қыркүйек – Отбасы күніне» орай «Бақытты отбасы» байқауы  ұйымдастырылды.

Байқау жас отбасылар арасында интеллектуалды және спорттық сайыс бағытында жүргізілді.

Байқаудың мақсаты – отбасылық  құндылықтарды құрметтеу, салауатты өмір салтын насихаттау, қазақ халқының салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын және бірлігі мен тірлігі, достығы ұйыған отбасыларды жан-жақты насихаттай отырып, мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, облысымыздағы ынтымақтығы мен бірлігі жарасқан жас отбасыларын халыққа танытып, қатысушы жас отбасылардың қоғамдық-мәдени шараларға белсене қатысуына мүмкіндік жасау.

Сайыс барысында қатысушылар «Менің отбасым», «Не? Қайда? Қашан?»- атты интеллектуалды сайысы, «Капитандар сайысы», «Арқан тартыс» атты спорттық-эстафеталық кезеңдері бойынша сайысқа түсті.

Нәтижесінде 1 орынға – Сайрам ауданының Ибрагимовтер отбасы,  2 орынға –  Отырар ауданының Есенбековтер отбасы, 3 орынға – Қазығұрт ауданының Ахметовтер отбасы ие болды.

Жеңімпаздар мен қатысушылар теледидар, ноутбук, планшет пен  электротолқынды пештер және Алғыс хаттармен марапатталды.

 

Ерболат АЙНАБЕКОВ

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ