Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

ҚАЙТА ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ДӘУІРІ

Қыркүйек 13 / 2018

 

Кредит – ТМД елдерінің аумағындағы Google-дегі ең танымал сұратулардың бірі дәл осындай. Кредитке өмір сүру – біздің қоғамымыз үшін қалыпты жағдайға айналды, себебі бұл қолайлы және өз қалауыңызды және өміріңіздегі жарқын сәттерді «кейінге» қалдырмауға мүмкіндік береді. Алай да кез келген монетаның екі жағы болады.

Біз, қазақстандықтар өзіміз үшін еш нәрседен бас тартуды ұнатпаймыз. Сонымен қатар, біздің салт-дәстүрлеріміз де тез арада қомақты ақшалай сомасын табуға итермелейді. Мысалға алсақ, той! Баршаңызға мәлім: 60 адамға арналған қарапайым той – бұл бізге арналмаған.  Онда бізге не керек? Егер жаңа телефон болса, тек  –  iPhone, егер көлік болса –  онда тек салоннан, егер той болса –  бүкіл әлемге, егер пәтер болса – жаңа ТК. Осылайша халықтың аса кредиттелуі өсіп келеді. ranking.kz деректері бойынша, әрбір еңбекке қабілетті қазақстандықтың банк алдында, тек тұтынушылық кредиттер бойынша орта есеппен алғанда 2 айлық еңбекақыға тең  берешегі бар. ҚР өңірлері бойынша ең кредитті көп алғандар – алматылықтар, Маңғыстау облысының тұрғындары және астаналықтар.  Алайда басқа өңірлер де тым артта қалып келе жатқан жоқ.

«Әдемі өмір сүру» ықыласы кейде адамдарды қаржылық жүктелімнен зардап шеге бастауға алып келеді. Бір қарызға алынған ақшаны ірі сатып алуға жұмсап, салдарынан жиі стандартты күнделікті жұмсалымдардан өзіңді шектеуге тура келеді. Өкінішке орай,  бұл туралы адам ірі сатып алуды жасағаннан кейінгі масаттану өткеннен кейін ғана ойлана бастайды, ал Сізді әлдеқашан «қарыз алушы» деп атайды.  

Егер Сізде бір емес бірнеше кредит болса, алайда мұнымен өмір сүру қиындай түссе не істеуге болады? Осы сұрақпен біз банкке жүгіндік.

- Бүгінгі таңда жеке тұлғалар үшін кредиттік жүктемені түсірудің ең ұтымды тәсілі –  бұл, қайта қаржыландыру, яғни жаңа, анағұрлым арзанырақ кредит ала отырып, қарызды ішінара немесе толық өтеу. Қарыз алушы сол банктен немесе басқа банктен аз пайызбен кредит алады, алдыңғы кредитті өтейді және жаңа берешекті, бірақ анағұрлым тиімді шарттарда өтейді, - деп, Банк ВТБ (Қазақстан)-ның Шымкенттегі филиалының директоры Наталья Двинина әңгімелеп берді.

Бұл қалай жұмыс істейді?

Қайта қаржыландырудың мәні, адам кредитті жабу үшін кредит алуында! Оған бұл ненің есебінен ұтымды? Мәселе мынада, нарықтағы жағдайда жиі өзгеріп тұрады және банктер жағдайға қарай икемденеді, өз клиенттеріне үздік шарттар ұсынуға тырысады. Мысалға, бір жыл бұрын Сіз «А» банкінен жылдық 30% пайызбан қарыз рәсімдедіңіз делік, ал қазір «В» банкі дәл сондай қарызды бірақ жылдық 20% пайызбен ұсынып отырғанын білесіз! Сонымен бірге, жаңа кредит ала отырып, Сіз қарыздың қайтару мерзімін ұзарта аласыз және ол кезде ай сайынғы төлем өткен кездегіге қарағанда анағұрлым аз болады.  

- Өз қарыздарыңызды қайта қаржыландыру үшін банкке жүгініп, кәдімгі кредитке өтінім толтыру қажет. Қазіргі таңда Банке ВТБ (Казахстан)-нан 5 жылға дейінгі мерзімге 4 000 000 теңгеге дейін сомадағы кредитті қайта қаржыландыруға болады, - дейді Наталья Двинина. – Қаржыландырудың тағы бір артықшылығы, жаңа кредитті ала отырып Сіз ескі қарыздарды жаба аласыз және қалған соманы өз мұқтаждығыңызға пайдалана аласыз. Өмірде әртүрлі жағдайлар болып жатады, және кейде бұл қажет.

Егер Сіз «қайта қаржыландырудың» - тек қана өнер ғана еместігн түсінсеңіз және осы қаржы құралын пайдаланғыңыз келсе, өз кредит тарихыңызды тексеріңіз. Банктер жаңа қарыздарды ескі берешектерін төлемегендерге беруді ұнатпайды. Осы тақырып бойынша барлық қосымша сұрақтарға Сіз Банк ВТБ-дан 5050 нөмірі бойынша ұялы телефоннан тегін жауап ала аласыз.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ