Әлеумет 0 пікір 0 лайк

Әдептен аттауға болмайды

Қыркүйек 13 / 2018

 

ҚР Президентінің «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасының 12-қадамын іске асыру мақсатында ҚР ДСМ ҚДСК ОҚО Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінде Әдеп жөніндегі уәкіл бекітілген.

 

Әдеп жөніндегі уәкілдің 2018 жылға арналған іс-шаралар жоспары жасалып, ол жүзеге асырылып келеді. Ағымдағы жылдың өткен мерзімінде ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалды бағалау үшін 401 мемлекеттік қызметші арасында анонимді сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесінде ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың деңгейінің төмен болуына байланысты кейбір аудандық басқарма басшыларына ұсыныс хаттар жолданды. Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметшілер арасында 17 семинар өткізілді, 27 мемлекеттік қызметшіге консультативтік көмек көрсетілді, жеке қабылдауда 3 адам болды.

Аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының мемлекеттік қызметшілері тарапынан Әдеп кодексі талаптарының сақталмауы туралы 4 арыз-шағым түсті. Арыздарды қарау барысында 3 жағдайда арызда көрсетілген кемшіліктер анықталмады. Бір жағдайда кемшіліктер анықталып, Әдеп кодексінің талаптарын бұзған мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мен аудандық, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларында Әдеп кодексі мен мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Қазақстан Республикасы заңнамалары талаптарының сақталуы бойынша азаматтарды жеке қабылдау жүргізіледі және консультативтік көмек көрсетіледі. Жеке қабылдау әр айдың соңғы бейсенбісінде сағат 16.00–18.00 аралығында Шымкент қаласы, Қонаев гүлзары, 27-үй, 210-кабинетте жүргізіледі, жұмыс телефоны – 8-7252-21-24-58.

Алдарқұл АХМЕТОВ, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ