Рухани жаңғыру 0 пікір 0 лайк

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»

Қыркүйек 11 / 2018

 

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»  атты Жолдауында еліміздің алдында тұрған технологиялық экономикалық, әлеуметтік салалардағы қарқынды өзгерістердің келесі міндеттерін нақты белгілеп берді.

Бүгінгі таңда жас құрақтай желкілдеп өсіп келе жатқан жастарымыздың жан-жақты ізденістері көңілге үміт сәулесін себеді. Заманауи техникаларды көрсем, игерсем деген талаптары зор. Жаңалықтарға жаны құмар, әрі оған бейім. Білсем, үйренсем деген қызығушылығы күшті. Алайда бастан өткеріп отырған бүгінгідей жаһандану дәуірінде жетістікке жету жолдарын табу, дамудың жаңа сапасына көтерілу оңай емес. Сондықтан да әлемдік дағдарыстар мен ықтимал сын-қатерлерді еңсерудің басты кілті, бірден-бір кепілі – төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін кеңінен енгізу қажеттілігін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсетіп, жұртшылық назарына негізгі он қағидатты ұсынды, соларға екпін берді.

Негізінен Елбасының бастамасымен қолға алынған кез-келген  мемлекеттік бағдарламалық басты мақсаттары айқын. Бұл – елімізді жаңа сатыға көтеру, инновациялық мүмкіндіктерді пайдалану арқылы халықтың жағдайын жақсарту, заманға лайық сапалы білім беру, ғылым мен экономиканы, аграрлық өндірісті жаңа заман талаптарына бейімдеу, адами капиталды дамыту сынды маңызды мәселелерді қамтиды.

Саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімнің арқасында ұзақ мерзімді мақсаттарымыз жүзеге асып, таңдау бағытымыз барынша баянды болып отыр. Бәріміз де ертеңіміздің бүгінгіден жарқын болуын қалаймыз. Сондықтан да жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу-асыл мұратымыз екеніне дау жоқ. Оған жетуге тәуелсіз Қазақстанда барлық алғышарттар қалыптасқан. Ал, Жолдау биік белестерге жетелеп, тың серпілістерге құлшындырады. Жолдауда айтылған маңызды міндеттердің бірі - адами капиталды дамыту. Сапалы білім беру, рухани құндылықтарды дәріптеу-тұлға қалыптастырудың негізі. Білімді мақсаты бар ел ғана бәсекеге қабілетті бола алатыны белгілі жайт.

Елбасы айтқандай «біз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұстас ұлт болуымыз керек».

Рахмет Бектаев

Түркістан облысы мемлекеттік

сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының

басшысы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ