Рухани жаңғыру 0 пікір 0 лайк

Коммуналдық салада ілгерілеу бар

Қыркүйек 11 / 2018

 

Қазақстан халқы үшін, аса маңызды құжат  - «Төр­тінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы даму­дың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасымыздың  биылғы жолдауында «ХХІ ғасырда әлемнің табиғи ресурстарға деген мұқтаждығы жалғасуда. Олар болашақта жаһандық экономиканы және еліміздің экономикасын дамыту барысында еліміздегі қала, ауыл, елді мекендер тұрғындарын сапалы ауыз сумен, табиғи газбен, электр қуатымен, жылумен қамтамасыз ету ерекше маңызға ие болады.

Облыста коммуналдық сала бойынша төмендегі жұмыстар өткізілуде

Ауыз сумен қамтамасыз ету

2018 жылдың 1 тамыз жағдайына облыстың орталықтандырылған ауыз сумен қамтылу деңгейі:

-  Ауылдық елді мекендер – 73,6 % (615 е.м.);        

-  Қала тұрғындары – 95,3% (364,5 мың халық) құрап отыр.

2018 жылы ауыз сумен жабдықтау саласы бойынша 9,2 млрд. теңге қаралып, 75 нысанның құрылысы жүргізілуде. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артқан. Оның 17 нысанының құрылысы (13 е.м.) ағымдағы жылы аяқталса, 58 нысанның құрылысы 2019 жылға өтпелі.

Нәтижесінде, жылдың қорытындысымен ауылдық елді мекендер – 75,1 % (628 е.м.), ал қала тұрғындары – 95,8%-ға (366,4 мың халық) орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілетін болады.

Елді мекендерді ауыз сумен қамтудың іс-шара жоспарына сәйкес, 2018-2025 жж. 7 жылда 131 елді мекен (169,1 мың халық) жаңа ауыз су құбырларымен қамтамасыз етілетін болады.

Табиғи газбен қамтамасыз ету

Облыста 343 е.м. (40,7 %)немесе 972 842 мың. халқы (49,8 %) табиғи газбен қамтамасыз етілген.

2018 жылыреспубликалық, облыстық бюджеттен осы мақсатқа 16,4 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлініп 76 е.м. газдандыру құрылысының жұмыстары жүргізілуде. Жылдың қорытындысымен 42 е.м. (80мыңхалық)табиғи газбен қамтылады.

Энергетика саласы

Облыста 843 елді мекендер толық орталықтандырылған электр қуатымен қамтылған.

Облыстың елді мекендерін 2017-2020 ж.ж. аралығында тұрақты және сапалы электр қуатымен қамтудың кешенді іс-шара жоспары қабылданды.

2018 жылы республика және облыс бюджеттерден 3,9 млрд. теңге бөлініп, 23 е.м. сапалы және тұрақты электр қуатымен қамтамасыз ету құрылыстары жүргізілуде. Оның ішінде: жылдың қорытындысымен 12 е.м. (21,0 мың халық) құрылыс аяқталып, тозығы жеткен электр жүйелері жаңартылатын болады (11 е.м. құрылыс жұмыстары 2019 жылға өтпелі).

Сонымен қатар, Сарыағаш ауданында «Қызыләскер 220кВ» қосалқы станциясының құрылыстары жүргізілуде. Нәтижесінде, 705,0 мың халық, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық нысандары тұрақты және сапалы электр қуатымен қамтылады.

Жылумен қамтамасыз ету

Облыста орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ететін 16 жылу беруші кәсіпорындар мен 1108 кіші қазандықтарды және 3209 әлеуметтік салалардағы бюджеттік мекемелерді алдағы жылу беру маусымының дайындық жұмыстарына тиісті қаржылар толық көлемде қаралып, жұмыстар жүргізілуде.

2017 жылы орталықтандырылған 58,3 шақырым жылу құбырларын қайта құру және ағымдағы жөндеу жұмыстарына «Нұрлы жол» бағдарламасымен және облыстық бюджеттен 1 961 млн. теңге бөлінді.

Нәтижесінде 20 мыңнан астам қала халқының орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етудің сапасы жақсарды.

 

М.Мараим, 

Түркістан облысы энергетика және тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылығы

басқармасының басшысы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ