«Барселона» Шымкентке келеді

Қыркүйек 11 / 2018

 

12 қыркүйек күні шымкенттік «Биік-Қазығұрт» қыздар футбол клубы Испанияның атақты «Барселона» клубымен кездесу өткізеді. УЕФА чемпиондар лигасының 1/16 финалы аясында Шымкенттегі «Намыс» стадионында өтетін кездесу кешкі сағат 17.00-ге жоспарланған.

 

Шымкенттік клуб – халықаралық аренада ел намысын қорғап жүрген жалғыз команда. Біздің қыздар «Барселонамен» бұған дейін жасыл алаңда күш сынасып көрген. Қос клуб 2015 жылы дәл осы турнирдің плей-офф кезеңінде кездескен. Шымкентте өткен алғашқы ойын 1:1 есебімен тең аяқталса, Испаниядағы ойында алаң иелерінің мерейі үстем болды.

Шымкенттік қыздар есе қайтара ала ма, жоқ әлде жылдағыдай жарыс жолын 1/16 финалда аяқтай ма, оның жауабын жақын күндері білеміз. Құрметті футболсүйер қауым, қыздарымызды қолдауға стадионға жиналайық!

«Оңтүстік»-ақпарат.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ