Елбасы: Қазақстан – Қытай қатынастары дұрыс бағытта дамып келеді

Қыркүйек 08 / 2018

 

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ–қытай бизнес форумына үндеу жолдады. Аталған шара Астанадағы «Риксос» қонақүйінде өтуде» деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Қазақстан тәуелсіз ел болғалы бері екі мемлекет арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастар қарқынды дамып келеді. Қытай Халық Республикасы – біздің сыртқы саудадағы ірі әріптесіміз. Өткен жылдың қорытындысы бойынша сауда айналымы 32 пайызға өсіп, 10 млрд. АҚШ долларына жетті. Ширек ғасырдан астам уақыттың ішінде Қытай елінен келген тікелей инвестицияның көлемі 15 млрд. доллардан асты. Қытай компаниялары Қазақ­станның ірі жобаларын іске асыру жолында негізгі серіктестерінің бірі болып келеді. Олар біздегі индустрияландыру процесіне белсенді қатынасуда. Осының бәрі өзара сенімге негізделген екі жақты қатынастардың дұрыс бағытта дамып келе жатқанын білдіреді» деді Н.Назарбаев өзінің бейне­үндеуінде.

Президенттің айтуынша, бүгінде Қазақстанда бірқатар ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асты. Соның ішінде «Қорғас» құрлық порты, Ақтау порты, «Қазақстан – Түркіменстан – Иран» теміржолы, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» xалықаралық дәлізі бар.

Мемлекет басшысы жекешелендіру науқаны аясында, сондай-ақ, мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде де ортақ жобаларды қолға алуға болатынын жеткізді.

«Бізде «Астана» халықаралық қаржы орталығы бар. Ол жерде Лондон, Сингапур, Дубай мен Нью-Йорктің озық тәжірибелері жинақталған. Тәуелсіз сот, xалық­аралық арбитраж, судьялар ашықтық пен әділдікке кепілдік бере алады. Инвесторлардың құқықтары толығымен қорғалады» деді Н.Назарбаев.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ