Ерсұлтан – чемпион!

Қыркүйек 08 / 2018

 

Ерболат АЙНАБЕКОВ, «Оңтүстік Қазақстан».

Қырғызстанның Шолпан Ата қаласында өтіп жатқан ІІІ дүниежүзілік көшпенділер ойынында жерлесіміз, шардаралық балуан Ерсұлтан Мұзаппаров алтыннан алқа тақты. Қазақша күрес сынында қарсыластарын бет қаратпай ұтқан Ерсұлтан ел қоржынын алтын медальмен толықтырды. 90 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен ол ақтық сында өзбек балуаны Сарвар Икромовты жеңді.

 

Бұл күні қазақ балуандары ерледі. 70 келіде боз кілемге шыққан Әбілхайыр Мәуленин ақтық сында жарыс қожайыны Мирлан Эралиевті жеңіп, чемпион атанды. Ал, аса ауыр салмақта сынға түскен Нұрдәулет Жарылғапов ел қоржынына қола медаль салды.

Алғашқы 5 жарыс күнінің қорытындысы бойынша ел қоржынында 13 алтын, 17 күміс, 22 қола медаль бар. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы әзірге үшінші орында келе жатыр.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ