Экономика 0 пікір 1961 лайк

Биыл мақта бағасы қандай?

Қыркүйек 08 / 2018

 

Бүгінгі таңда мақташыларды «ақ алтынның» алдағы бағасы қандай болады деген сауал көбірек мазалайтыны анық.

Осы ретте ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, мақта шаруашылығы және бақша шаруашылығы тәжірибе стансасының директоры И.Үмбетаевтың есебінше, қыркүйектің басында мақта талшығының бағасы тоннасына 1615,762 долларды құраған. Бұл мақта шикізатын порттарға дейінгі тасымалдау шығынын қосқандағы құны. Қазіргі бағаны Ливерпуль мақта биржасы белгілеп отыр.

И.Үмбетаевтың болжауынша, жиын-терім кезінде мақта талшығы тоннасына 200-210 мың теңге аралығында сатылуы тиіс. Сондай-ақ, бағаның жоғары болуына теңге бағамының түсуі де әсерін тигізуі мүмкін. Дегенмен, мақта талшығын өңдеуші монополистер өзара келісіп алса, «ақ алтынның» құны арзандап кетуі де ғажап емес.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ