Заң-заман 0 пікір 1935 лайк

Татуластыру орталығы ашылды

Қыркүйек 04 / 2018

 

Дәулет ТҰРСЫНҰЛЫ, «Оңтүстік Қазақстан».

 

Шымкентте ҚР Жоғарғы соты мен ҚР Кәсіподақтар федерациясы арасында түзілген меморандумға сәйкес «Татуластыру орталығы» ашылды. Осыған орай ұйымдастырылған шарада «ОҚО кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Берік Бекжанов пен Шымкент қалалық соты төрағасының міндетін атқарушы Әділ Керімшеев жаңа орталықтың тұсауын кесті.

Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановтың берген мәліметіне жүгінсек, өткен алты айда бірінші сатыдағы соттар 1,8 миллион іс пен материалдарды қараған. Бұл былтырғы жылдың осы уақыттағы көрсеткішінен жоғары. Демек, осынша адам сот әуресімен жүр деген сөз. Орталықтың көздегені де сол, араздасқан ағайынды сотқа сандалтпай, дауды келісім арқылы шешуді жүзеге асыру.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ