Аспан асты, жер үсті 0 пікір 1817 лайк

МЕМОРАНДУМ: САЛАДА СЫБАЙЛАСТЫҚ АЗАЯ МА?

Тамыз 16 / 2018

Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды.

 

Меморандум сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру бойынша бірлескен және келісілген іс-қимылдарды дайындау мен іске асыруға, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін арттыруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған.

Алик Шпекбаевтың айтуынша, дені сау ұлт бүгінде адами капиталдың маңызды факторы. Сондықтан денсаулық сақтау жүйесінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, медициналық қызметтердің сапасын арттыру - еліміздің бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторларының бірі саналады.

-2017 жылмен салыстырғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы фактілердің төмендеу тенденциясы бар. Мәселен, 2017 жылы министрліктің Қоғамдық денсаулық сақтау және Фармация комитеттерінің мемлекеттік қызметшілеріне әдеп қағидаларын бұзғаны үшін 18 және мемлекеттік қызметке кір келтіргені үшін 21 тәртіптік жаза қолданылды. Ал, ағымдағы жылдың 7 айында әдеп қағидаларын бұзғаны үшін 4 және мемлекеттік қызметке кір келтіргені үшін 1 тәртіптік жаза бар»,- деп атап көрсетті өзінің баяндамасында Елжан Біртанов.

Бірлесіп жүргізілген алдын алу шараларының нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны, мемлекеттік қызметті сенімсіздендіргені және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін тәртіптік жазалар динамикасында оң тенденция байқалатынын атап кету қажет.

Меморандумға сәйкес, енді мекемелер арасында елдегі және әлемдегі сыбайлас жемқорлық жағдайы туралы ақпаратпен алмасу, денсаулық сақтау ұйымдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу, сондай-ақ бірлескен жобалар, іс-шаралар, семинарлар мен кездесулерді іске асыру арқылы жүзеге асырылатын болады. Тараптардың келісімге келуі екі мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылына серпін беріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты тиімді жүзеге асыруға бағытталған шаралар қабылдауға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

«Оңтүстік»-ақпарат.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ