Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Адамдар ақша үшін неге дайын?

Тамыз 16 / 2018

 

Ақша әлемдегі ең қажетті зат болар. Оған қоса, ғаламшарымыздың кез келген тұрғыны оған ақша көп күш жұмсамай келсе екен деп армандайды. Кей кезде адамдар осы қалаулы ақшаға жету үшін тіпті аса қауіпті заттарға да келіседі. Ал Сіз ақша үшін неге дайынсыз? Банк ВТБ (Қазақстан) адамдар ақша үшін жасаған ең ақылсыз әрекеттердің топтамасын ұсынады.

 

Әйел кеудесі бар еркек

Сонымен, бірінші орынды біз Лас-Вегастан шыққан ойыншы Брайан «The Wiz» Зембикке бердік, ол 1996 жылы 100 000 доллар үшін әйел кеудесінің имплантаттарын жандандырып орнату бойынша операцияға келісімін берді. Қызба жігіт бұл операцияны бәс тігіп жасағаны белгілі, бәстің шарты бойынша ол өзінің жаңа денесімен бір жыл жүру қажет болған, бірақ оған осы бейненің ұнағаны соншалық, әйел кеудесі оның айрықша белгісі болып қала берді.

 

Жарыса бала туу

Белгілі неміс адвокаты және айтулы қалжыңбас Чарльз Миллар (1853-1926) өзінің өсиетхатының бір тармағында оның меншігінің бір бөлігі Миллар қайтыс болғаннан кейін 10 жыл уақыт өткенде сатылуы, ал одан түскен ақша осы уақыттың ішінде ең көп бала туған Торонтодан шыққан әйелге тапсырылуы керек деп көрсеткен. Егер бірнеше қатысушы әйелдің нәтижелері бірдей болса, сома солардың арасында бірдей бөлінуі керек. Осылай ол тарихқа тырналардың үлкен жарысы деген атаумен кірген қала тұрғындарының арасындағы жарыстың себепшісі болды, осы жарыстың жеңімпазы деп әрқайсысында 9 баладан бар төрт әйел мойындалды.

 

 

Есімімді сатамын

2005 жылы үш балаға жүкті американдық әйел интернет-аукционда өзінің болашақ балаларының есімдерін сататындығы туралы хабарландыру жариялайды. Осы ұсынысты Лас-Вегас Golden Palace интернет-казиносы пайдаланды, ол 12 000 долларға дүниеге келген балалардың біреуінің есімін – GoldenPalace.com деп атау құқығына ие болды. Бұл жалғыз оқиға емес, осындай өзінің есімін немесе балаларының есімін сататындығы туралы ұқсас хабарландырулар интернетте жиі пайда болуда.

Егер сізге шұғыл ақша қажет болса, Банк ВТБ (Қазақстан) осындай төтенше шараларға баруға кеңес бермейді. Кредит алуға өтініш беріңіз! Қазіргі таңда қарыз алуға өтінімді үйден шықпай-ақ банктің сайтынан толтыруға болады. ВТБ 5 жылға дейінгі мерзімге, кепілсіз, 4 000 000 теңгеге дейінгі сомада «қолма-қол кредитті» ұсынады.

Бақытты болыңыз, ал егер ақша қажет болса – 5050 нөміріне ұялы телефоннан тегін хабарласыңыз!

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ