Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Қауын-қарбыздың экспорттық сұрыптарын өсiредi

Тамыз 16 / 2018

 

Биыл Жетісай ауданында 77 мыңнан астам гектарға түрлі дақылдар егілген. Оның үш жарым мыңдай гектары ескі жоңышқалық. Шаруалар осы жоңышқалықтан гектарына орта есеппен 164,8 центнерден өнім алуда. Оның көлемі қазір  54576 тоннаға жетті. Жоңышқалықтың кемінде 5 рет орылатынын ескерсек, бұл сан тағы да өсе түсуі мүмкін. 

 

Жыл басынан бері диқандар 30275 гектар алқапты биологиялық, 18838 гектарды химиялық әдістермен  өңдеді. Соңғы жылдары мақта дақылының  зиянкестері көбейген. Дегенмен, шаруалар онымен шама-шарқы келгенше күресуде. Ауданда 48226,8 гектар мақта егістігі бар. Әсіресе мақта өсіруден Жылысу ауыл округі көш басында келеді. Биыл жылысулық диқандар  6477,9 гектарға мақта шитін септі.

 Сондай-ақ, ауданда күріш те егіле бастады. Оның алқабы биыл 437 гектарға жетті. 120 гектарға күріш еккен Мақталы ауыл округінің диқандарына әзірге ешкім бәсекелес бола алмай отыр.  

Диқандар 86 гектарға маш та өсіруде. Биыл ауданда 4378 гектарға дәндік жүгері егілсе, оның 63 гектары Мақталы ауыл округіне тиесілі. Сүрлемдік жүгері 1840 гектарды құрайды. Сонымен бірге 85 гектар алқаптан орта есеппен 171,7 центнерден картоп жинады. Ал, алынған өнім 1459 тонна болды. Мұнымен қоса 839 гектарға қырыққабат егіп, 30701 тонна өнім алды. Осы арада 370 гектар жерге қырыққабат өсірген Атамекен ауыл округін ерекше атап өткен жөн.  Бұдан бөлек, 218 гектарға баклажан, 270 гектарға болгар бұрышы егілді.

Биыл бақша өнімдерінің егістік алқабы 15019 гектарды құраса, алынған өнім көлемі 405 мың тоннадан асқан. Оның ішінде қауын гектарына 269,3 центнерден өнім беруде. Қазіргі таңда диқандар 232184 тонна қауын жинап үлгерді. Жиын-терім науқаны әлі де жалғасады. Ал, қарбызға келсек, 6397,8 гектардан өнімділік 270 центнерге дейін артқан. Бүгінге дейін жиналған 172862,2 тонна қарбыз өнімі арысы Еуропа, берісі ТМД елдеріне жөнелтілуде. Айта кету керек, соңғы жылдары мырзашөлдіктер қауын-қарбыз өсіруден Орта Азияда көш басында! Жалпы, біздегі диқандар соңғы 10 жылда бақша дақылдарын өсірумен түпкілікті айналыса бастады. Жыл сайын шамамен 650-700 мың тоннадан астам қауын-қарбыз  жиналады. Бұл өнімнің жартысынан астамы экспортқа шығарылады. Тіпті, бақша дақылдарының экспортқа арналған неше  түрлі сұрыптары өсіріледі. Бұл да болса диқандардың нарық сұранысына қарай икемделгенінің белгісі.

Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ