Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

«Ұлы дала көші»: солтүстікке бет алды

Тамыз 16 / 2018

 

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Дулат Әбіш бастаған «Айғақ» телеарнасының түсірілім тобы еліміздің солтүстік өңірлеріне жолға шықты.

 

Сапардың мақсаты – ішкі көші-қонды насихаттау. Жұртшылыққа мәлім, Елбасы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында артық жұмыс күші бар өңірлерден жұмыс күші жетіспейтін аймақтарға азаматтарды тарту мәселесін көтерген болатын. Ол үшін «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасына арнайы тармақ енгізіп, мәселені шешудің оңтайлы жолдары белгіленген. Халқы тығыз орналасқан әрі жұмыссыздығы басым оңтүстік тұрғындарын жұмыс күші тапшы өңірлерге көшіріп, экономикалық тұрғыдан қолайлы орналастыру – қос бірдей бастаманың негізі. Бүгінгі күні осы бастама қалай жүзеге асырылып жатыр? Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударған жерлестеріміздің жағдайы нешік? Немен шұғылданып жатыр? «Айғақ» телеарнасының түсірілім тобы жоба аясында оңтүстіктен қоныс аударған азаматтармен жолығып, олардың бүгінгі тұрмыс-тіршілігімен танысуды көздеп отыр. Әрі жергілікті билік өкілдерімен кездесіп, Елбасы бастамасын одан әрі жалғастыру қажеттігін сөз етпек.

Айта кетейік, 9 тамыз күні Түркістан қаласынан жолға шыққан түсірілім тобы Қарағанды, Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарын жүріп өтеді. 

«Оңтүстік»-ақпарат.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ