Cенатор аудан халқымен кездесті

Тамыз 14 / 2018

 

Алмас АҚЫЛБЕК, «Оңтүстік Қазақстан».

ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әлімжан Құртаев арнайы жұмыс сапарымен Отырар ауданына келді. Халық қалаулысы алдымен Шілік ауылындағы С.Құртаев атындағы жалпы орта мектебіне барып, ҰОС ардагерлерінің ескерткішіне гүл шоғын қойды. Мұнан соң аудан әкімдігінің мәжіліс залында тұрғындармен кездесіп, жыл басынан бері Парламентте атқарылған жұмыстар жайлы баяндады.

 

Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы мен «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты Үндеуін, сондай-ақ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жан-жақты түсіндіріп өткен Сенат депутаты Парламентте қабылданған заңдарға да кеңінен тоқталды. Жиынға қатысушылар көкейдегі сауалдарын қойып, тұщымды жауаптар алды. 

Кездесуден соң Әлімжан Сейітжанұлы Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-мұражайының жаңадан жабдықталған экспозиция залын аралап, тарихтан сыр шертетін құнды тарихи жәдігерлермен танысты. Одан соң Мыңшұқыр елді мекеніндегі жаңа шағынауданда бой көтеріп жатқан мемлекеттік қызметтік үйлердің құрылыс жұмыстарын көрді.

Жұмыс сапарының соңында аудан әкімінің орынбасары П.Жаппарқұлов халықпен кездесіп, тұрғындардың көкейінде жүрген сұрақтарына жан-жақты жауап берген ҚР Парламенті Сенатының депутатына аудан халқы атынан ризашылығын білдіріп, шынайы алғысын жеткізді.

Отырар ауданы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ