Қайрат НҮКЕНОВ – облыс әкімінің бірінші орынбасары

Тамыз 14 / 2018

 

ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Түркістан облысы әкімінің өкімімен облыс әкімінің бірінші орынбасары лауазымына Қайрат Теміршотұлы Нүкенов тағайындалды.

 

Қ.Т.Нүкенов 1970 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі экономист-менеджер, ғалым-агроном.

Еңбек жолын 1987 жылы Павлодар облысы Железин ауданы, «Железин» кеңшарының №2 бөлімшесінің жұмысшысы ретінде бастаған. 1988-2016 жылдары «Капитал» шағын кәсіпорны директорының орынбасары, «Багдар-маркетинг» кәсіпорнының директоры, «Павлодар-Темир» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, «Индустрия-Плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Павлодар облысы Железин ауданының әкімі, Павлодар облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы, Ақсу қаласының әкімі лауазымдарын атқарған.

Бүгінгі күнге дейін Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімі лауазымында қызмет атқарған.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ