Аспан асты, жер үсті 0 пікір 0 лайк

Нақты жұмыстар жүргізілуде

Тамыз 14 / 2018

 

Бүгінгі таңда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне көшу күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Бұл жүйенің тиімді тұстары бұқара халыққа барынша түсіндірілуде. Біздің №4 облыстық перинаталдық орталығы да бұл жұмысқа барынша атсалысып келеді.

 

Елбасы Жолдауларынан туындаған міндеттерді орындау және облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы бекіткен бұйрықты іс жүзінде жүзеге асыру мақсатында біршама жұмыстар атқарылды. Алғашқы жартыжылдықта біздің орталықта «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» жүйесімен таныстыру мақсатында түрлі іс-шаралар, семинарлар, пікір алмасулар, сұрақ-жауап бағдары өткізілді. Сонымен қатар, орталық қызметкерлерімен бірге бұқара халыққа да түсінікті болу үшін өз сайтымызға аталған тақырып бойынша ақпараттар жарияладық.

Заңға сәйкес азаматтарға медициналық қызметтер пакетінің 2 түрі берілетіні айтылған. Қысқаша тоқтала кетер болсам, бірінші – базалық пакеті, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын тегін медициналық көмектің кепілдік берген көлемі. Бұл пакет Қазақстанның барлық азаматтарына қолжетімді болады. Жедел жәрдем және санитариялық авиация, әлеуметтік маңызды аурулар және шұғыл жағдайларда медициналық көмек көрсету, алдын алу егулері жүргізіледі. Өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамтыған халық үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен 2020 жылға дейін амбулаторлық дәрілік қамтамасыз етуімен амбулаториялық-емханалық көмек ұсыну көзделген.

Екінші сақтандыру пакеті – жаңадан құрылған медициналық сақтандыру қорынан көзделген. Оған амбулаторлық-емханалық көмек, стационарлық көмек (әлеуметтік мәні бар ауруларды қоспағанда), стационарды алмастыратын көмек, қалпына келтіру емі және медициналық оңалту, паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім, жоғары технологиялық көмек көрсету кіреді.

Қазіргі таңда мекемеге келген төрт жүзден астам адамға ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тексерілуге келген жүкті әйелдерге арнайы буклеттер таратылды. Алдағы уақытта үгіт-насихат жұмыстарын одан әрі жалғастыратын боламыз.

Айгүл ТӘКЕНОВА, дәрігер-психолог.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ