Әлеумет 0 пікір 0 лайк

Көмектессеңіз, балаға көмектесіңіз!

Тамыз 14 / 2018

 

Елімізде жылда тамызда бастау алып, қыркүйек айының соңына дейін жалғасатын дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы Түркістан қаласында да өз деңгейінде өтуде.

 

Бұл шараның мақсаты -- әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезінде көмек көрсету.

Түркістан қаласында былтыр оқу жылы барысында мемлекет тарапынан 461 бала мектепке қажетті киім-кешекпен және оқу құралдарымен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, өңірде аталған қайырымдылық акциясына атсалысамын деуші азаматтар да аз емес.

Мәселен, Майдантал ауылында орналасқан «Майдантал» жалпы орта мектебінде ұйымдастырылатын «Мектепке жол» акциясына Түркістан қалалық «Қазпочта» АҚ-ның басшысы С.Тәженов, «Майдантал» ауруханасының бас дәрігері С.Елмұратов, мектеп мұғалімдері Е.Бексейітов, Е.Жақсыбаев, Е.Исаханов, Ж.Исмаилов, Т.Исмаилов, А.Елғондиев сынды бірқатар жаны жомарт жандар өз үлестерін қосып келеді.

Осы орайда өзге де қалталы азаматтарды еліміздің болашағы болар жас өрендерімізге демеушілік жасауға шақырамыз. Әр кез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып жақсылық жасауға ұмтылайық, ағайын!

Ә.САҢҒЫЛБАЕВА, «Майдантал» жалпы орта мектебінің әлеуметтік педагогы. Түркістан қаласы.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ