Руханият 0 пікір 1798 лайк

Аманат арқалаған альпинистер

Тамыз 12 / 2018

 

Дамира МОЛДАНАЗАРОВА, «Оңтүстік Қазақстан».

Түркістан облысында «Бұл – біздің таулар!» фестивалі басталды. «Сайрам-Өгем» МҰТП аумағында өтетін шараға Ақтөбе, Қарағанды облыстарынан альпинистер арнайы келді. Оларға облыстағы және Шымкент қаласындағы альпинист спортшылар қосылып, барлығы 35 адам құзар шыңға Төле, Қазыбек және Әйтеке билердің есімдері жазылған тас орнатып, ту тігуге аттанды.

 

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында кеңестік кезеңде түрлі атауға ие болған Алатау бөктерінің шыңдары енді қазақ билерінің есімдерімен аталмақ. Сәрсенбіде Шымкент қаласындағы Ордабасы алаңында альпинистерді шығарып салуға арналған іс-шара өтті. Онда зиялы қауым өкілдері сөз сөйлеп, ақсақалдар бата берді.

– Бүгін Шымкент қаласындағы үш бидің ескерткіші қасында, үш бидің атымен аталатын үш көшенің тоғысқан жерінде тұрып, баянды бастаманы қолдауға жиналдық. Сонау аласапыран заманда билік айтып, шешендігімен еліміздің ынтымағын сақтап қалған Әйтеке би, Қазыбек би, Төле би секілді заңғар тұлғалардың рухына тағзым етеміз, – деді ҚР құрметті заңгері Өмірбек Темір.

Айта кетейік, үш күнге созылатын шара 12 тамыз күні «Сайрам-Өгем» МҰТП-да қорытындыланады.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ