Заң-заман 0 пікір 1792 лайк

Құқық қорғау органдары басшылары тағайындалды

Тамыз 12 / 2018

 

Мемлекет басшысының келісімімен ҚР Бас прокуроры Қайрат Қожамжаровтың 2018 жылы 9 шілдедегі бұйрығы негізінде Түркістан облысының прокуроры лауазымына Н.Әбдіров тағайындалды.

 

Нұрғалым Мәжитұлы Әбдіров 1967 жылы туған. Прокуратура органдарында 1991 жылдан бастап еңбек етеді.

Қарағанды облысында аудан прокуроры, Астана мен Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. 2009-2012 жылдары Бас прокуратураның бірқатар департаменттерін басқарған. 2012-2017 жылдар аралығында Ақтөбе облысының прокуроры, 2017 жылдың тамыз айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысының прокуроры болды.

Заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтудағы, прокурорлық қадағалауды жетілдірудегі қосқан елеулі үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

 ***

ҚР Бас прокурорының бұйрығымен Шымкент қаласының прокуроры болып Мақсат Қожабаев тағайындалды.

Мақсат Аманқұлұлы Қожабаев 1974 жылы туған. 1997 жылдан бастап прокуратура органдарында аудан прокуроры және Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстары мен Алматы қаласы прокурорының орынбасары лауазымында болды.

2012-2017 жылдар аралығында Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл ұлттық бюросының басшысы қызметін атқарды.

2017 жылдың желтоқсан айынан бастап Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталған.

***

Түркістан облыстық ішкі істер департаментінде бірқатар ауыс-түйістер орын алды. ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен облыстық ІІД қылмыстық полиция басқармасының бастығы болып полиция майоры Құрманбек САХОВ тағайындалды.

Түркістан облыстық ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына да жаңа басшы келді. Аталған басқарманы енді полиция подполковнигі Ғалымжан Қуашбаев басқарады. Түркістан облыстық ішкі істер департаменті экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі басқармасының басшысы лауазымына Сәкен Қожамұратов тағайындалды.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ