Аспан асты, жер үсті 0 пікір 1777 лайк

КОЛЛЕДЖДЕРДЕГІ БІЛІМ ГРАНТТАРЫН АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОП ҚАДАҒАЛАЙДЫ

Тамыз 10 / 2018

 

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің аумақтық департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев хабардар етті.

 

Техникалық және кәсіптік білім ұйымдарында қабылдау комиссиясының жұмыстарын ұйымдастыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын алу мақсатында мобильдік топтың штабы құрылды. Мобильдік топ штабының басты мақсаты – оқуға түсу емтихандары кезінде қабылдау комиссиясының жұмысында, сондай-ақ, Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы колледждерде білім беру гранттарын берудегі ашықтықты қамтамасыз ету.

Аталған жұмысты жүзеге асыру мақсатында департамент және Түркістан облысының білім басқармасы арасында мобильдік топтың штабын құру туралы келісімге қол қойып, әр аудан, қаладағы колледждерге кураторларды бекітті. Мобильдік топтың штабының құрамына департамент және білім басқармасының қызметкерлері, АМТ мүшелері, «Атамекен» ҰҚК өкілдері, кәсіпкерлер мен қоғам өкілдері енді. 

Биыл өңірдегі 94 колледждің 61 колледжіне 11 475 грант бөлінген. Аталған грант бөлінген 61 колледждегі қабылдау комиссиясының жұмысына 120-дан астам қоғам өкілдері бақылау жүргізетін болады.

Айта кетейік, «Қоғамдық бақылау картасы» жобасын жүзеге асыру аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесе жоғары оқу орындары мен колледждерге түсу кезінде білім беру гранты мен мемлекеттік білім беру тапсырысын тағайындаудағы конкурстық комиссияның жұмысына азаматтардың қатысуына мүмкіндіктер беруде.

Мобильдік топтың штабы туралы толық ақпарат департаменттің «memkyzmet.kz» сайтында, сондай-ақ, Түркістан облысы мен Шымкент қаласының колледждерінің сайттарында жарияланатын болады.

«Оңтүстік»-ақпарат.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ