Руханият 0 пікір 1774 лайк

Ән байқауы басталды!

Тамыз 09 / 2018

 

Мақпал ТӨРЕБЕК, «Оңтүстік Қазақстан».

Әйгілі композитор, вальс королі Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығын насихаттауға арналған «Менің Қазақстаным» облыстық ән байқауының іріктеу кезеңі басталды. Сайысқа қатысуға қала, аудандардан 15-29 жас аралығындағы 200-ге жуық өнерпаз өтініш білдірсе, соның 50-і кеше облыстық Ш.Қалдаяқов атындағы филармонияда сынға түсті.

 

1992 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан жобаның қатысушылары жылдан-жылға артып, байқау талабы да күшейіп келеді. Биыл да үміткерлер алғашқы кезеңде Шәмші әндерін шырқаса, екінші кезеңде Түркістан облысы композиторларының туындыларын орындауға тиіс. «Шәмші атамыздың артында 300-ге жуық әні қалды дейміз. Алайда, байқауларда өнерпаздар 5-6 әнін ғана орындайды. Сондықтан биыл 80-ге жуық әнді жинақтап, әр ауданға арнайы 5 әннен бөліп бердік. Яғни енді өнерпаздардың орындауындағы әндер қайталанбайды» деді облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мәдениет және өнер бөлімінің басшысы Ғалия Шарафиева. Сондай-ақ, сайыста үміткерлердің әнді орындау шеберлігі мен әуеннің ұрланбауы, өнерпаздардың сахналық киімдері де жіті қадағаланады.

Айта кетейік, байқаудың марапаттау рәсімі мен гала-концерті 15 тамыз күні Шымкент қаласындағы «Түркістан» сарайында өтеді.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ