Аспан асты, жер үсті 0 пікір 1766 лайк

Ауыл шаруашылығы жерлері кері қайтарылады

Тамыз 09 / 2018

 

Шымкентте 775,8 гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылмақ. Бұл жер осы кезге дейін игерусіз жатқан.

 

Нақты айтқанда, 2017 жылы игерусіз қалған 472,5 гектар жер анықталған. Оның 74,5 гектары кезінде бизнес нысаны үшін бөлінсе, 398 гектары ауыл шаруашылығына арналған. Сол бойы игерусіз қалған бұл аумақтар енді мемлекет меншігіне өтеді. Сонымен қатар, 2018 жылдың 6 айында анықталған тағы 211 учаске, жалпы көлемі 302,3 гектар жер де мемлекет меншігіне қайтарылады.

Игерусіз жатқан жер мәселесін көтергенде мамандар шалғай аумақтар түгілі, қаланың ортасында да жердің бос жатқанын айтады. Мысалы, Бәйдібек би даңғылының бойынан жалпы ауданы 5,9 гектар болатын 24 жер учаскесі бөлінген, дегенмен, олар мақсатты пайдаланылмаған. Қонаев даңғылының бойынан жалпы ауданы 7,4 гектар болатын 21 жер учаскесі, ал, Алматы айналма тасжолының бойынан 37 учаске бөлінген. Бұл аумақтардың бос жатқаны анықталғанымен, жер инспекциясы оларды дер кезінде мемлекет меншігіне қайтару бағытында жұмыс жүргізбеген. Енді ол жер аудан әкімдіктеріне қайтарылып, спорт-сауықтыру және ойын алаңшаларының құрылысына беріледі.

Ж.ШАЛАБАЕВА.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ