Әлеумет 0 пікір 0 лайк

Осы болар халқымыздың қалауы...

Тамыз 07 / 2018

 

Облыс атауы Түркістан, ал, қаласы облыс орталығына айналғаны туралы ақжолтай хабарды естігенде қуанышымды жасыра алмадым. Шымкент еліміздегі халқының саны бір миллионға жеткен үшінші мегаполис атанып, оған республикалық маңызы бар қала мәртебесі берілді. Мұндай игілікті істі тарихта ойып орын алатын, маңызы зор бастама деп қабылдадым.

 

Түркістан – ежелгі Тұран жері. Ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, «ер түріктің бесігі». Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен қазақтың хандары, билері, әулиелері мен батырлары жерленген, Алаш жұрты тәу етіп, қадір тұтатын орын. Қасиетті де киелі мекен.

Түркістан – ежелгі Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан қала. Тамыры тереңде жатқан, құт дарыған шаһардың болашағы айқын. Бұл жолда өңір басшысы Жансейіт Түймебаев аянып қалмасы анық. Тұран жері рухани жаңғырып, гүлденген, кескін-келбеті келіскен, жаңарған облыс орталығына айналары хақ.

Осы болар халқымыздың қалауы,

Жүректерде ұшқын атқан алауы.

Ұлы елдің аспанында асқақтап,

Желбірейді еліміздің жалауы, – дегің келеді мұндайда.

Тілеуғазы БЕЙСЕМБЕК, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ