Заң-заман 0 пікір 0 лайк

ШЫМКЕНТТІК ТҰРҒЫННЫҢ ӨТІНІШІ ЕСКЕРІЛДІ

Тамыз 06 / 2018

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен қолға алынған «Қоғамдық бақылау картасы» өз нәтижесін беруде. Жобаның мақсаты – қоғамдағы сыбайлас жемқорлықты шектеу.

 

Таяуда Шымкент қаласының тұрғыны шаһардағы М.Х.Дулати көшесінде жол апаты жиі болатындығын айтып, жол белгілерін өзгертуге ұсыныс берген болатын. Аталған мәселені шешу мақсатында өтініш иесімен кездесу өткізіп, арнайы мониторингтік топ мүшелері мен қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлері бірлесе М.Дулати және Ғ.Орманов көшесі қиылысындағы жаяу жүргіншілер өтпесінің аумағына мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде  жаяу жүргіншілер өтпесінің аумағына 2.4 «Жол беріңіз», 3.24 (40) «Ең жоғары жылдамдықты шектеу», 4.1.2 «Оңға жүру», 7.2.1 (100 метр) «Қолданылу аймағы» жол белгілері орнатылды. 

«Қоғамдық бақылау картасы» аясында аумақтық Департамент әлеуметтік желілерде арнайы парақшалары (Facebook, VK, Instagram) мен WhatsApp, Telegram                          (8-775-869-21-21) нөміріне хабарласуға болады.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ