Облыстық ішкі саясат басқармасында – жаңа басшы

Тамыз 04 / 2018

 

Түркістан облысы әкімінің өкімімен облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы лауазымына Бейсенбай Дәулетұлы ТӘЖІБАЕВ тағайындалды.

 

Бейсенбай Дәулетұлы 1982 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі журналист, құқықтану. Еңбек жолын 2002 жылы Шымкент қаласында «Шымкент келбеті» – «Панорама Шымкента» газеттерінің тілшісі болып бастаған.

2005-2017 жылдары Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының редакторы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облыстық «Оңтүстік Қазақстан» қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» МКК-нің директор – бас редакторы, «Айқын-Литер» ЖШС «Айқын» газетінің Астана қаласындағы тілшілер қосынының жетекшісі, «Елордалық «Астана» журналы» ЖШС-нің бас редакторы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы-баспасөз хатшысы лауазымдарын атқарған. Бүгінге дейін Түркістан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы-баспасөз хатшысы лауазымында қызмет еткен.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ