Заң-заман 0 пікір 0 лайк

ОБЛЫСҚА ИНВЕСТОРЛАР ТАРТУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛЫН ЖАҚСАРТУ ЖӨНІНДЕГІ ӨҢІРЛІК КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Тамыз 03 / 2018

Облыс әкімдігі жанындағы «Облысқа инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалын жақсарту жөніндегі өңірлік кеңестің» отырысы өтті. Отырысқа облыс әкімі Ж.Түймебаев, облыс әкімінің орынбасары Е.Тасжүреков, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің аумақтық департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев, «Kazakh Invest» АҚ филиалының басшысы Д.Мамиров, облыстық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Құрмансейітұлы, өңірлік кеңес мүшелері мен кәсіпкерлер қатысты.

Өңірлік кеңес отырысының мақсаты - өңірдің инвестициялық ахуалын жақсарту, инвесторлардың негізгі проблемалық мәселелерін және олардың шешу жолдарын қарастыру. Басқарма басшысы Б.Құрмансейітұлы кәсіпкерлер, оның ішінде инвесторларға мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаулар бойынша баяндама жасап, алдағы атқарылатын жұмыс жоспарларымен таныстырды. Департамент басшысы Ә.Көмекбаев Агенттік бастамасымен іске асырылып жатқан «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» жобасы аясында құрылған фронт офистің жұмысымен таныстырып, «KAZAKH INVEST»-пен бірлесіп, барлық қолжетімді ресурстарды пайдалана отырып, бизнестік қауымдастық пен инвесторларды олардың қызметіне заңсыз араласудан қорғау үшін барлық мүмкіндікті жасайтындығын жеткізді. Сонымен қатар, Департаментпен инвесторлар арасындағы келісімшарт жасау жұмыстарының жүріп жатқандығын, фронт-офиске келіп, келісімшартқа тұру үшін әрқашан есік ашық екендігін айтып, инвесторларды бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Департамент басшысы өңірдегі инвесторлармен кері байланысты орнату маңыздылығын көтеріп, Департамент тарапынан «WhatsApp» (8-775-869-21-21), 51-51-51 сенім телефондары мен memkyzmet.kz сайтында ашылған «Инвесторларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте сүйемелдеу» айдары жұмыс жасайтындығын айтты. Отырыс соңында инвесторлар тарапынан туындаған мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары қарастырылды.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ