Заң-заман 0 пікір 0 лайк

«Бiз жемқорлыққа қарсымыз»

Тамыз 02 / 2018

 

«Оңтүстік» АИО мен «Ырыс» микроқаржы ұйымының «Тәуекел менеджмент және ішкі экономикалық қауіпсіздік қызметі» мамандарының ұйымдастыруымен «Біз жемқорлыққа қарсымыз» атты құқықтық сабақ өтті. Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын мемлекеттік қызметкерлерге түсіндіру мақсатында өткен құқықтық сабаққа «Оңтүстік» АИО-ның барлық қызметкерлері қатысты. Оларға құқықтық тренингті ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің бас маманы Гүлмира Төлегенқызы жүргізді.

 

Семинар барысында Гүлмира Төлегенқызы сыбайлас жемқорлықпен күрес еліміздің ең негізгі бағыттарының бірі екендігін атап өтті. Қатысушыларға осыған дейін жемқорлықпен тұтқындалып, абақтыда жатқан мемлекеттік қызметшілер туралы бейнеролик көрсетілді.

Ерболат АЙНАБЕКОВ.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ