Жерлестеріміз – бірінші!

Шілде 31 / 2018

 

Ерболат АЙНАБЕКОВ, «Оңтүстік Қазақстан».

Астана қаласында 29 маусым мен 6 шілде аралығында ұлттық спорт түрлерінен ҚР чемпионаты өтті. Ұлттық спорт қауымдастығы ұйымдастырған біріншілікке республикадағы барлық өңірлер команда қосты. Спортшылар бір апта бойы аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, көкпар секілді ұлттық спорт түрлері бойынша өзара мықтыны анықтады.

 

Түркістан облысының атынан қатысқан «Құлагер» көкпар командасы қарсылас шыдатпай, бас бәйгені жеңіп алды. Ақтық сында олар Жамбыл облысынан келген «Әулиеата» командасын тізе бүктірді.

Ал, аударыспақ сайысында түркістандық білектілер Есімхан Рахматілла (80 келі), Сырым Ізбасаров (90 келі), Біржан Қосалиев (90 келіден жоғары) чемпион атанды. 4 алтын, 1 қола медаль иемденген Түркістан облысының құрамасы жалпыкомандалық есепте І орынды жеңіп алды. Ал, ІІ, ІІІ орындарды Ақтөбе мен Жамбыл облысының спортшылары иеленді. Чемпионаттың жабылу салтанатына Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев, Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев секілді лауазымды тұлғалар қатысып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді  марапаттады.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ