Рухани жаңғыру 0 пікір 0 лайк

Өлкетанушы жерлестерімен кездесті

Шілде 31 / 2018

 

Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады» деп атап көрсеткені белгілі.

 

Бүгінде Президенттің осы бастамасын қолдап, өзінің туған жеріне қарайласып жүрген азаматтар аз емес. Олардың қатарында қалталы кәсіпкерлер ғана емес, зиялы қауым өкілдері де бар. Соның бір айғағы ретінде А.С.Пушкин атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы ұйымдастырған «Қаламгермен қауышу» жобасын айтуға болады. Осы жоба аясында жазушы, өлкетанушы Момбек Әбдәкімұлы кіндік қаны тамған Қазығұрт ауданы, Атбұлақ ауылында жерлестерімен кездесті.

Іс-шараға қатысқан көпшілік алдымен Қазығұрт асуындағы ескі теміржолдағы репрессия жылдарынан қалған тарихи ескерткішке тағзым жасады. Мұнан кейін жазушының түлеп ұшқан мектебімен танысты. Білім ұясында өткен кездесуде зиялы қауым өкілдері Момбек Әбдәкімұлының шығармашылығы туралы әңгіме өрбітті.

Момбек Әбдәкімұлы – қазақ тарихындағы маңызды тарихи оқиғалардың Оңтүстікте де көптеп болғанын архивтерден тапқан деректер негізінде дәлелдеп жүрген азамат.

Айта кетейік, қаламгермен қауышуға жиналған қауым сол күні «Ақбура» әулиенің басына барып, Құран бағыштап қайтты.

Әбілқайыр ҚОСУАҚОВ, ғалым-теолог.

Бұл материалмен бөлісіңіз

Бұл материалда пікір жоқ